Оқиға

Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды

Полиция майоры кәсіпкерден 75 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің басшысы, полиция майорының пара алған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікпен майор әйелдің заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.

"Ол Өзбекстан Республикасының он бес азаматына көші-қон картасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты шешімді алдағы уақытта сот шығарады.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды