ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 қараша — Sputnik. Алматы облысында полицейлер 90 жастағы қарияны өлтірген қаскөйді ұстады. Ол зейнеткерді 16 келілік гір тасымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
18 қараша күні Ескелді ауданының полиция бөліміне Бақтыбай ауылының тұрғыны хабарласқан. Әйел туысының жоғалып кеткенін айтыпты. Үйде қан іздері болған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер зейнеткердің денесін бақшада үйілген қидың астынан тауып алды. Қылмысты 63 жастағы ер адам жасаған. Ол да зейнеткердің туысы.
Тағы оқыңыз: Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді
Полицияның ақпаратына сәйкес, ішімдік ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал шыққан. Ер адам туысын 16 келілік гір тасымен өлтірген.
"Қазір күдікті полицияға жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 99-бабына ("адам өлтіру") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті полицияға жеткізілді.