Өңірлер

Қазақстанның жеті өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алдағы күндері республиканың бірнеше облысында ауа температурасы күрт төмендейді, 33 градусқа дейін суытады деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазгидромет 19-21 қараша күндеріне республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с.

19 қарашада Ақмола облысында түнде және күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ, 19-21 қарашада түнде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті

19-21 қарашада Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде 25-30°С дейін аяз болады.

Павлодар облысында сынап бағанасы -15-20°С-тан -25-30°С-қа дейін төмендейді.

20-21 қарашада Қарағанды облысында –  22-27°С, кей жерлерде 30°С, кейбір аймақта 33°С дейін аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 18-23°С, кей жерлерде 25-30°С, 33°С дейін күрт төмендейді деп күтілуде.