НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті.
Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ашот Болянды не үшін өлтірді?
Адвокат Карен Нерсисян чемпионның тапсырыспен өлтірілгенін айтып отыр.
Тағы оқыңыз: Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы
"Ол өз ортасына сыйлы, спортшы болғанын білемін. Қылмыс әлеміне қатысы жоқ еді. Сол себепті мүлде түсініксіз болып отыр. Мұның тапсырыс екені даусыз", - деді заңгер "Звезда" порталына берген сұқбатында.
Нерсисян Болянды "жөні түзу, патриот адам" деп атады. Сондай-ақ, чемпионның кәсіпкерлікпен айналыспағанын мәлімдеді.