НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында колледж студенттері жиі қылмыс жасайды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
"Шығармашылық орталығында" 14 қараша күні Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов өңірдегі мектеп, колледж директорлары және ата-аналар комитетінің өкілдерімен жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесін талқыға салды.
Жиын барысында өңірдегі бас тәртіп сақшысы жасөспірімдер қылмысымен полиция, білім беру ұйымдары мен ата-аналар бірлесіп күресу керек екенін айтты. Тәрбие отбасынан басталуы тиіс.
Сондай-ақ департамент басшысы жағымсыз статистикаға тоқталды. Оның айтуынша, облыста кәмелетке толмағандар112 қылмыс жасаған. Оның үшеуі адам өлтіру, жетеуі денеге жарақат салу және біреуі бопсалау.
Ақтөбедегі төбелес: 15 жастағы оқушы көз жұмды
Қылмыстарды орта мектептің 28 оқушысы, 63 колледж студенті және 4 жоғары оқу орнының студенті жасаған.
Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева тәртіп сақшысының сөзімен келісетінін атап өтіп, бұл проблеманы шешуге құқық қорғау органдары ғана емес, білім беру ұйымдары мен ата-аналар да араласуы қажеттігін жеткізді.