Өңірлер

Тоқаев Көкшетауға барды - видео

Президент сапар барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді.

Бұған дейін президент Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл облысатры мен Ақтау, Алматы қалаларында жұмыс сапарымен болып қайтты.
ӨңірлерВидеоКөкшетау