НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. "Ядролық ғасырдағы" стратегиялық қару-жарақты шектеуге қатысты халықаралық келісімдердің алғашқысы – 1963 жылы тамызда Ұлыбритания, Кеңес одағы мен АҚШ қол қойған Ядролық сынақтарды атмосферада, ғарыш кеңестігі мен су астында өткізуге тыйым салу туралы шарт. Одан кейін көптеген басқа, екіжақты және көпжақты келісім болды. Олардың бір бөлігін тараптар ұстанады, бір бөлігі ескіріп, жаңартылды, ал қалған бөлігі бұзылды.
Ең көп шу шығарған – 1987 жылы Михаи Горбачев пен Рональд Рейган қол қойған Орта және аз қашықтықтағы зымырандар туралы шарт күшінің жойылуы. Оның бекітілуіне АҚШ-тың Еуропада ракеталар орналастыруы, ал Кеңес одағында Еуропаға бағытталған зымырандарының болуы ықпал етті.
Тағы оқыңыз: Жаңа халықаралық ұйым құру қажет – Елбасы
Бұл шарт әрекет ету қашықтығы 500-ден 5000 километрге дейінгі жаңа зымырандарды жасауға тыйым салды. Бұған қоса, шарттың теңіз ракеталары мен қанатты зымырандарға қатысты болмады. Мысалы, америкалық "томагавкалар" Жерорта, Балтық және Норвег теңіздері акваторияларынан ұшқан кезде "құрлықтағы әріптестерін" алмастыра алатын.
АҚШ осы шарттан шығатынын 2019 жылғы 1 ақпанда жариялады. Бұған Ресей мен АҚШ-тың ортақ келісімге келе алмауы себеп болды. Ресей Америка Құрама Штаттарының бұндай қадамына жауап ретінде шартқа қатысуын тоқтатты. Осылайша, 2 тамызда орта және аз қашықтықтағы зымырандар туралы шарт өз күшін жойды.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың хабарлауынша, Ресей АҚШ әрекетіне байланысты орта және аз қашықтықтағы ракеталар жасауға кірісіп жатыр.
Ашық аспан
Тағы да Американың бастамасымен ашық аспан туралы шартты да осыған ұқсас тағдыр күтіп тұр. Аталған келісім әскери қызметті бақылау үшін бір-бірінің территориясын арнайы жабдықталған ұшақтармен инспекциялық ұшулар жасауды қарастырады.
АҚШ әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салуға Ресейдің "ашық аспан" сериялы екі жаңа ұшағының жабдығын сертфикаттау туралы өтініші себеп болды. Америкалық конгрессмендер өз аумағындағы инспекциялық ұшуларды тыңшылыққа жатқызып, олар ұлттық мүдделерге зиян келтіреді деді.
Дегенмен бұл шарттан шығу АҚШ-қа тиімді. Америка бұл келісімнен шықпаған НАТО бойынша әріптестерінен ақпарат алу мүмкіндігін сақтай отырып, Ресей тарапынан өз аумағын бақылау мүмкіндігін жояды.
Жеңе алмасақ, ереже өзгертеміз бе?
Түрлі шарт пен келісімнің қашан бекітіліп, жойылғанына қарап, бір заңдылықты байқауға болады. АҚШ қару-жарақ жағынан Ресеймен бәсекелеседі. Тіпті қазір Америка Біріккен ұлттар ұйымы арқылы гипердыбыстық қаруға тыйым салуға талпынып отыр. Себебі АҚШ бұл салада Ресейден артта қалуда. Бұл әзілдегі "жеңе алмаса, ойын ережелерін өзгертетін ер адамды" еске салады.
СШҚ-3, немесе халықаралық қауіпсіздік "қалдығы"
Бүгінде Ресей мен АҚШ арасындағы қару-жарақты шектеу саласындағы жалғыз қолданыстағы шарт – Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту туралы шарт. Бұл келісімді ұзарту ғана зымыран-ядролық саладағы бақылау механизмдерінің толық жойылмауына көмектеседі.
Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков қараша айының басында өткен Қаруды таратпау жөніндегі Мәскеу конференциясында сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ресей Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту туралы шартқа қатысты жағдайға алаңдайды. Шарт мерзімі 2021 жылғы ақпанда бітеді.
"Қазір аталған шартты ұзарту – стратегиялық тұрақтылық саласындағы жағдайдың құлдырауына жол бермейді, зымыран-ядролық саладағы бақылау механизмдерінің жойылуына мүмкіндік бермейді әрі оларды қадағалаудың жаңа әдістерін ойлап табу үшін уақыт беретін жалғыз дұрыс қадам", - деп атап өтті Сергей Рябков.