Экономика

Досаев ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қатысты мәселеге нүкте қойды

Ұлттық банк төрағасы одақ келісімінде бірыңғай валюталық одақ құру және бірыңғай валютаға көшу қарастырылмағанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Еуразиялық одақ аумағында бірыңғай валюта енгізілмейді. Бұл туралы бүгін ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Досаев ЕАЭО құрудағы басты мақсат валюталық емес, экономикалық одақ құру болғанын атап өтті.

"Бірыңғай валюта туралы сұрақ әдейі әртүрлі формада ара-тұра қойылып отырады. Келісімде бірыңғай валюталық одақ құру және бірыңғай валютаға көшу қарастырылмаған. Келісімшартта бұл нақты жазылған. ЕАЭО-ның әр қатысушысы қаржылық суверенитетті сақтайды", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Досаев ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші ретінде ақша-несие саясатын жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, дағдарысқа қарсы қажетті шаралар қабылдау саласында өкілеттікті толығымен қалдыратынын айтты.

Тағы оқыңыз: Министр ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты

Бұған дейін Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын.

Сол кездегі ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді.