НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Елордада Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында жол апаты болды.
"Трактор жүргізушісі солға бұрылып жатып, қарама-қарсы беттегі көлікке жол бермеген. Салдарынан №40 жолаушылар автобусына соғылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бес адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер анықтау жұмысын жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.