Әлем

Еуропа дәуірі аяқталып қалды, Азия адамзат тарихын жазып жатыр - сарапшы

Ғаламшардағы ең ірі құрлықтың шығыс бөлігінде адамзат тарихындағы ең үлкен экономикалық кеңістік құрылып жатыр, деп пікір білдірді Германия-Ресей форумының ғылыми жетекшісі
Sputnik

САМАРҚАНД, 12 қараша — Sputnik. Әлемдік даму орталығы Батыстан Шығысқа қарай ығысуда. Бұл туралы Sputnik-ке Германия-Ресей форумының ғылыми директоры Александр Рар айтты. Ол Өзбекстандағы "Валдай" халықаралық пікірсайыс клубының X Азия конференциясына қатысты. Сарапшының айтуынша, қазір дүние жүзі Үлкен Азияның құрылуына куә болып отыр.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады

"Бүгін Үлкен Азия туралы армандап қана қоймай, айтуға да, оның қалай құрылып жатқанын көруге де болады. Бұл - түрлі елдер құратын жаңа альянстар, ынтымақтастықтың жаңа экономикалық формалары, еркін аймақтар", - деді Александр Рар "Орталық Азия және Еуразия: ғаламдық тәртіпсіздік қауіптері алдындағы көпжақты ынтымақтастық" атты конференцияда.

Маманның айтуынша, Үлкен Азияға "Батыстан кеткен" Түркия кірді. Бұған қоса, екі-үш жыл бұрын Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық көздеген Филиппин және Вьетнам енді.

Еуропа дәуірі аяқталып қалды, Азия адамзат тарихын жазып жатыр - сарапшы

"Азияда бүкіл адамзат тарихындағы ең үлкен экономикалық кеңістік құрылып жатыр. Бұл - бүкіл әлемдік экономиканың 50%-ы. Барлық осы экономикалық процестер негізінде болашақ әлемдік тәртіпті қалыптастыратын саяси институттар да, әскери одақтар да құрылады", - деді Германия-Ресей форумының ғылыми директоры.

Оның айтуынша, Азия әлемді реттеп, тұрақтандыру үшін "ең қиын" әрі түрлі мемлекетпен ортақ мәселелер іздейді.

"Қазір мүмкін шынымен де Еуропа дәуірі аяқталып, біз басқа дәуірге еніп барамыз, ол кезеңде Азия адамзат тарихын жазады. Басқа ережелерге сай жаңа әлемдік тәртіп жасалады", - деді Александр Рар.

Самарқандта "Орталық Азия және Еуразия: ғаламдық тәртіпсіздік қауіптері алдындағы көпжақты ынтымақтастық" атты Валдай клубының X Азия конференциясы өтіп жатыр. Шараға Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Филиппин, Швеция мен Жапония сияқты 11 елден 70-тен астам жетекші сарапшы қатысуда.