НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығыста та қар күтіліп отыр. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.
Дабылды ескерту
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с.
Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, жылдамдығы - 18 м/с.
Маңғыстау облысында 13 қараша күні тұман түседі.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Ақмола өңірінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстанда - боран, Қостанай облысында – тұман күтіліп отыр.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Алматы облысында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жалаңашкөл жақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Жамбыл облысында тұман күтіліп отыр. Түнде және таңертең 15-20 м/с жел болады.
Түркістан облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарында тұман болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз 12-14 градус жылы, түнде 1-3 градус нөлден жоғары.
Алматыда да жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы күндіз 6-8 градус жылы, түнде плюс 1-3 градусты көрсетеді.
13 қараша күні астанада күн ашық болады. Күндіз температура минус 1-3 градус, түнде 4-6 градус салқын.