НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. 10 қарашаға қараған түні елордада Майлин көшесіндегі түнгі клубтан өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау туралы ақпар 101 пультіне сағат 00:20-да түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына алты минутта жетті. Мекеменің екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан.
"Құтқарушылар тез арада түнгі клубтағы адамдарды эвакуациялауға кірісті. Өрт 00:34-те сөндірілді. Жалын 0,5 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді комитеттен.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция "Хан Шатырды" қоршап алды
Түнгі сауық мекемесінен 8 адам құтқарылды. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ. Полицейлер клуб аумағын қоршауға алды.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 адамы мен бес техника жұмылдырылды.