НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Уфа тұрғыны түнде мешітке келіп, ғимаратты өртеп жіберді.
Оқиға 3 қарашаға қараған түні "Хамза" мешітінде болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оған әдейі өрт қойды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Башқұртстан ІІМ баспасөз қызметі.
"Сол күні ол мас болған. Мешіттің жанынан өтіп бара жатып, есігінің ашық тұрғанын көреді. Ғимараттың іші қараңғы болғандықтан, молданы іздеп табу үшін сіріңке тұтатқан", - деп мәлімдеді өңірдегі ІІМ-нен.
Молданы таба алмаған соң, ер адам сіріңкені еденге лақтырып, кетіп қалған. Осыдан кейін өрт шыққан.
Тағы оқыңыз: Жұма намазын оқып жатқан 30 адам қаза тапты
Күдікті өз ісіне өкінетінін айтты. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, шығын сомасы есептеліп жатыр.