НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар облыста тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Сағат 17:30-дан бастап көктайғақ пен қатты желге байланысты республикалық маңыздағы "Нұр-Сұлтан – Петропавл" (Нұр-Сұлтан-Щучье, 18-231 шақырым) автожолының учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.
16:00-ден Ақмола облысында қар, жел және көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:
- республикалық маңыздағы "Жезқазған-Петропавл" тас жолы (377-595 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы);
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
- "Жақсы-Есіл-Бұзылық" (0-82 шақырымы, Жақсы кенті – Бұзылық кенті);
- "Екатеринбург-Алматы" (856-1141 шақырымы, СҚО шекарасы – Новочеркасск ауылы).
17:00-ден Қостанай облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін "Екатеринбург-Алматы" автожолының 555-729 шақырымы, "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (Қостанай қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) тас жолының 7-232 шақырымы жабылды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды
17:00-ден Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңыздағы "Екатеринбург-Алматы" (729-856 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы), "Жезқазған-Петропавл" (595-701 шақырымы, Новоишимское ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тас жолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
18:00-ден Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қарға байланысты республикалық маңыздағы автожолдарда жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді:
- "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" (15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы –Риддер қаласы);
- "Өскемен – Алтай–Қатонқарағай – Рахман қайнары" (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай);
- "Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" (15-102 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы).