Оқиға

Халықаралық іздеу жарияланды: Нұр-Сұлтан полициясы 37 жастағы әйелді таба алмай жатыр

Елордалық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел туралы қандай бір ақпарат болса, полицияға хабарласуды сұрайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Астаналық полиция халықаралық іздеу жарияланған алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Халықаралық іздеу жарияланды: Нұр-Сұлтан полициясы 37 жастағы әйелді таба алмай жатыр

Криминалды полиция басқармасы әйелдің аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын атап өтті.

"1982 жылы туған Сарсенова Мәдина Мырзабекқызы аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды. Оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген қалалық полиция департаметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде өзінің кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды - фото

Тәртіп сақшылары тұрғындардан көмек сұрады.

"Бұл адам туралы қандай да ақпарат болса, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.