НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту жоспары өте жылдам орындалатынын хабарлады.
Песковтың айтуынша, бейсенбіде Омбы қаласында өткен Ресей-Қазақстан форумында екі ел басшыларына осы мәселе бойынша жеке презентация ұсынылды.
"Шынында да, ондағы жағдай белгілі, жүк көліктері ұзын-сонар кептелісте тұрады. Яғни, бұл Азия - Еуропа, Солтүстік - Оңтүстік және тағы сол сияқты негізгі бағыттардағы қатынасты баяулатады", - деді Путиннің баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, форум аясында инфрақұрылымды Ресей тарапынан тиісті деңгейге шығару жоспары ұсынылды, қаражат бөлінді. Модернизация жоспары өте тез орындалады", - деп толықтырды Песков.
$314 миллион: Ресей Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртады
Бұған дейін Ресей 314 миллион доллар немесе 20 миллиард рубльге Қазақстанмен шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылатыны хабарланған болатын.