Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумға президент ретінде алғаш рет қатысты. Форум барысында Ресей президенті Владимир Путин мен еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей-Қазақстан" шекара маңы ынтымақтастық бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті.
Екі күндік іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Жалпы отырыстан кейін мемлекет басшылары Эрмитаждың Омбыдағы филиалына барды. Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстан президентіне ресейлік әріптесі айрықша шахмат жиынтығын сыйлады. Күннің соңында лидерлер әуежайға келіп, Путин Тоқаевты жеке өзі шығарып салды.