Саясат

Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды

Владимир Путин Қазақстан президентіне мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин естелік ретінде бір-біріне сыйлық жасады.

"Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті.

Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне сый жасады - фото

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Омбыда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Путин мен Тоқаев қандай мәселелерді талқылағанын Sputnik Қазақстан сайтынан оқыңыз.