Әлем

Адам төзгісіз азап шегеміз - әлем ғалымдары дабыл қағып жатыр

Ғылымның түрлі саласының мамандары 40 жыл бойы жүргізілген зерттеулерге сүйеніп осындай қорытынды жасаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. 153 елдің ғалымдары атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын қысқарту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды шақырды. Әйтпесе, олардың айтуынша, адамзат қатты азап шегеді. Зерттеу нәтижесін және тиісті құжатты ғалымдар BioScience ғылыми журналында жариялады.

Құжатқа 11 258 климатoлог, биoлог, геолог, океанолог және тағы басқа ғылым салаларының мамандары қол қойды.

Сарапшылар 40 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп отыр. Бұл – энергия тұтыну, Жер бетінің температурасы, халық санының артуы, ормандар жойылуының қарқыны, поляр мұздарының салмағы, ішкі жалпы өнім мен көмірқышқыл газының бөлінуіне қатысты мәліметтер.

"Адамзатты кез келген қауіп туралы ескету -  ғалымдардың парызы. Қолымызда бар мәліметтерден қазіргі уақытта климаттық төтенше жағдай төніп тұрғанын анық көріп отырмыз", - деді құжат авторларының бірі, Сидней университетінің ғалымы Томас Ньюсон.

Мамандардың айтуынша, азамзаттың әлі де жағдайды жақсартуға мүмкіндігі бар. Олар жаһандық жылынуды баяулату үшін қандай салаларда әрекет жасау қажеттігін айтты. Мәселен, ғалымдар жер астынан алынатын отынды жаңартылатын энергия көздеріне алмастыруды, жоғары "көміртек салығын" енгізуді, қоршаған ортаны ластағыш заттарды шығаруды қысқартуды, ішкі жалпы өнімді өсіруге және материалдық жағдайды жақсартуға талпынуды қоюды, орманды жаппай кесуді тоқатуды және жан-жануарлардан жасалған тамақты аз жеуді ұсынды.

Тағы оқыңыз: Жарылыс деп ойлаған Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео