ОМБЫ, 7 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев зияткерлік мектептерінің филиалын ашуды ұсынды.
Президенттің пікірінше, ғылым саласында байланысты нығайтуға мүмкіндік бар.
"Ғылым саласының әлеуеті зор. Қазақстан астанасында Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің базасында физика-математикалық мектеп ашу бастамасын қолдаймыз. Сондай-ақ Ресеймен шекаралас аудандардың бірінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің филиалын ашу мәселесін қарастыруды ұсынамын. Мұнда білім беру сапасы өте жоғары және халықаралық талаптарға сай", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Путинге үшінші елдердің нарығына бірге шығуды ұсынды
2008 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен интеллектуалды мектептер ашыла бастады.
2011 жылы "Назарбаев Университеті", "Назарбаев зияткерлік мектептері", "Назарбав қорының мәртебесі" туралы заң қабылданды.
Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектептері – дарынды балаларға арналған білім ордасы. Мұнда 5-18 жастағы балалар оқиды. Мектептер Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Семей, Қызылорда және тағы басқа қалаларда жұмыс істейді. Онда оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады.