Қоғам

Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының алғашқы съезі 2020 жылы өтеді

Еріктілер енді Қазақстан мен Ресейдің шекара бойы аймақтарындағы әлеуметтік жобаларына белсенді түрде қатысады
Sputnik

ОМБЫ, 7 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдары лидерлерінің кеңесі 2020 жылғы ақпанда алғашқы съезін өткізеді, деп хабарлады қазақстандық тарап өкілі, ұлттық волонтерлік желі басшысы Татьяна Миронюк.

Бұл шешім Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей жас лидерлері форумында қабылданды.

"Алғашқы съезд Қазақстан аумағында ұйымдастырылады. Қай қалада өтетінін әзірге нақтылаған жоқпыз", - деді Татьяна Миронюк Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Волонтерлік кеңес келесі жылға бірқатар басымдық белгіледі – бұл еріктілер қызметіне оқушылар мен зейнеткерлерді, яғни "күміс волонтерлерді" тарту.

Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы аймақтарында әлеуметтік жобаларда волонтерлік компонентті белсенді пайдалану жоспарланып отыр. Бұған қоса, қазақстандық еріктілерді БҰҰ мен Ресейдегі халықаралық жобаларға тарту көзделген.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жастардың ұсынысына қолдау білдірді

Жас лидерлер форумы Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтер жылы деп жариялаған болатын.