НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.
1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.
Тағы оқыңыз: 2019 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар
Ал 16 және 17 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсіп тұр. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.
- Жұмыс істейтін қазақстандықтарға бес күн қосымша демалыс беріледі
- Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
- Тәуелсіздікке жылдарында Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізді