Өңірлер

Шымкентте бір отбасының екі баласы уланып көз жұмды

Іші ауырып, құсқан әйел мен оның үш баласы ауруханаға түсті. Дәрігерлер әзірге тамақтан уланудың себебін нақты анықтай алмай отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. 3 қараша күні таңертең әйел мен оның екі ұл, бір қызы тамақтан улану белгілерімен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.   

Отағасының айтуынша, отбасының барлық мүшесінің іші ауырып, құсқаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері алдын ала тамақтан уланды деген диагноз қойды, деп хабарлады Otyrar.

Ем тағайындалған, бірақ науқастардың жағдайы нашарлап кеткен.

"1987 жылы туған әйел, 2018 жылғы ұл мен 2008 жылғы қыз дәрігердің ұйғарымымен жұқпалы аурулар ауруханасынан Орталық қалалық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды.  Жұқпалы аурулар ауруханасында қалған 2015 жылы туған бала көз жұмды. Кейін токсикология бөлімінде 2018 жылы туған ұл бала шетінеді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті. 

Трагедияның себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Тағы оқыңыз: Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, оқиға болған жерде мұқият талдау жүргізілгеннен кейін иіс газынан улану фактісі тіркелген жоқ. Үйде орталықтандырылған жылу жүйесі бар, орталықтандырылған газға қосылмаған.