НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Ресейдің Челябинск қаласында микрокредиттік ұйымдар мен дүкендерді тонауды кәсіпке айналдырып алған жігіт ұсталды.
22 жастағы қазақстандық қызметкерлерге травматикалық тапанша кезеніп, "қарыз" бере тұруын сұраған. Сонымен бірге қарудан қорқып, күйзеліске түскендер болса, олармен сыр айтысып, жұбатқан, деп жазды Mash Telegram арнасы. Ол жағдайын сұрастырып, проблемаларын тыңдап, кеңестер берген.
Дегенмен жас жігіт азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушымен "мылжыңдасып" тұрған жерінен полицияның қолына түсті.
- Қарақшы тонағалы жатқан қыздың сырын білгенде, жаны ашып, райынан қайтты - видео
- Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған тонаушы қарсылыққа тап болды
- Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты – видео