Мәдениет

Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео

Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутойдың 65 жылдығына арналған концертте бірнеше ән орындап, көрерменнің ықыласына бөленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген әлемдік театрлардың сахнасында өнер көрсетіп жүрген опера әншісі Аида Гарифуллина мен әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен бірге ән шырқады.

Игорь Крутойдың мерейтойлық концертін Димаш Құдайберген, Аида Гарифуллина мен Лара Фабиан "Ti amo cosi" операсымен жапты.

Айта кетсек, кеше Мәскеуде ресейлік композитор Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Оған әлемдік сахна жұлдыздары мен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпиондары қатысты.