Спорт

Тартысты жекпе-жек: Канело Ковалевті нокаутқа түсірді

Канело Ковалевті 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион белбеуін иеленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласында бокс кешінің басты кездесуі - мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев жекпе-жегі өтті.

Кездесу нәтижесінде Канело Ковалевтің еншісінде болған WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды.

Тағы оқыңыз: Боксшы Нұрсұлтанов АҚШ-та жеңіске жетті - видео

Канело мен одан жеті жас үлкен Ковалев арасындағы жекпе-жек тартысты өтті. Дегенмен мексикалық боксшы қарсыласын 11-ші раундта нокаутқа түсіре алды. Осылайша, Сауль Канело Альварес төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.