Фото

Мәскеу театры қазақша сөйледі

Sputnik

Ресей астанасының бас театрларының бірінде алғаш рет көрермен назарына қазақша қойылым ұсынылды.

Мәдени бағдарлама бір спектакльмен ғана шектелген жоқ. Мәскеуде тұратын қазақстандықтар актерлермен және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

"Біз Мәскеуге келгеніміз үшін продюсерімізге және Қазақстан елшілігіне алғыс айтамыз. Бұнда қазақстандықтар өте көп. Олар ана тілін сағынатын шығар", - дейді Фариза Оңғарсынованың тағдырының рөлін сомдаған актриса Лейло Бекназар-Ханинга.

Тағы оқыңыз: Атырау облысында екі мектепке Фариза Оңғарсынованың есімі берілуі мүмкін

1 / 10
Спектакль қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған
2 / 10
Фариза Оңғарсынованы қазақтың Ахматовасы деп атайды
3 / 10
Ақынды актриса Назгүл Қарабалина сомдады
4 / 10
Спектакльде ақынның қиын тағдыры бейнеленген
5 / 10
Фаризаның таланты балалық шағында-ақ көпті таңғалдырған
6 / 10
Спектакль авторлары Фаризаның мінезін ашуға тырысқан
7 / 10
Қойылымдағы Фаризаның киімі де ақын тағдырын бейнелегендей болды
8 / 10
Фариза Оңғарсынова қарапайым адамдарды ұнататын әрі бар шындықты бетке айта алатын
9 / 10
Фариза өмірдің талай сынағын басынан кешірді, солардың бірі - жалғыздық
10 / 10
Актерлердің өнері көрермен көңілінен шықты