НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Жапонияның "Эхимэ" футбол командасының қақпашысы Масахиро Окамото екі минуттың ішінде алаң ортасынан екі рет гол жіберіп алды, деп хабарлады "Евроспорт".
Окамото өзінің айып алаңынан тыс жерде ойнағанды ұнататын атақты неміс қақпашысы Мануэль Нойерге "еліктеген" болса керек.
Ешкім күтпеді: футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты – видео
Қақпашы 61-минутта командасы 1:0 есебімен ұтылып жатқан кезде қақпадан шығып кетті, ал "Ямагата" футболшысы Шан Накамура дереу бұл мүмкіндікті пайдаланып, алаң ортасынан допты қақпаға тепті.
Окамото қателіктен сабақ алмады, келесі минутта тағы да алаңның ортасына қарай шығып кетіп, дәл сондай гол жіберді. Бұл жолы Тацухиро Сакамото шеберлік танытты.
"Ямагата" командасы "Эхимэні" 3:0 есебімен жеңді. Клуб Жапонияның екінші лигасында екінші орында, "Эхимэ" 16-шы орында келеді.