НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қостанай қаласында екі жүргізуші жолға таласты. Полиция қарт кісіге шабуыл жасаған адамның кім екенін әлі анықтамады.
Алпыс тоғыз жастағы Анатолий Шевцов көлігінен тіркемесін ажырату үшін өз гаражының маңында тоқтайды. Осылайша, ол көшелердің бірінің жолын жартылай бөгеп тастайды, деп хабарлайды Alau.kz өңірлік басылымы.
Бұл сәтте сол жермен келе жатқан жол талғамайтын көлік бос учаскеден жүріп өтпек болады. Шевцов автомобильді зақымдамас үшін оған маневр жасауға көмектесуге тырысады.
Тағы оқыңыз: Талдықорғанда мас адам көшеде оқ жаудырды – видео
Джип тізгіндеген ер адам тар учаскеден өткен соң қарияны балағаттайды. Зейнеткер де сондай мәнерде жауап қайтарады.
Бұдан кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі машинасынан шығып, қарттың бетінен жұдырықпен ұрады. Анатолий Шевцов та оны соғуға талпынады, бірақ өзі бірнеше соққы алып қалады.
Жәбірленушінің айтуынша, шабуыл жасаған адам оның мұрны мен тісін сындырғаннан кейін автокөлігіне мініп кетіп қалған. Қария сол күні кешке полицияға арызданады, бірақ тәртіп сақшылары зейнеткерге күш көрсеткен ер адамның кім екенін әлі анықтаған жоқ.