Қоғам

Сауда саласындағы ірі шара: Нұр-Сұлтанда министрлер конференциясы өтеді

ДСҰ министрлер конференциясы 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында EXPO іскерлік орталығының нысандарында өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлер конференциясын ұйымдастырып, өткізетін оператор болады.     

Сауда саласындағы ірі шара: Нұр-Сұлтанда министрлер конференциясы өтеді

Халықаралық сауда саласындағы жаһандық іс-шара – Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясы (МК-12) 2020 жылдың 8-11 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында EXPO іскерлік орталығының нысандарында өтеді.

Осындай ауқымдағы ДСҰ шарасы ұйымның негізін қалаушы болып табылмайтын елде алғаш рет өткізілмек.

Тағы оқыңыз: Қырғызстан шекарадағы жағдайға қатысты ДСҰ-ға шағымданды 

MK-12 жұмысына қатысушы 164 елдің және ДСҰ-ның 20 бақылаушы елінің сауда министрлері, сондай-ақ әлемдегі халықаралық сауда саласындағы негізгі сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.

Министрлер конференциясы қайда өтеді?

Шараға қатысушылардың жалпы саны 5-6 мың адамнан асады.

Ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы маңызды және табысты тәжірибесі, кез келген форматтағы және конгрестік, көрме іс-шараларын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылымның бар екені ескеріле отырып, "Астана-ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы МК-12 шарасын ұйымдастырып, өткізетін негізгі оператор ретінде анықталды.

Министрлер конференциясы шеңберіндегі отырыстар мен іс-шаралар EXPO іскерлік орталығының нысандарында өтеді:

  • Конгресс-орталық
  • Халықаралық көрме орталығы
  • Hilton Astana
  • Астана халықаралық қаржы орталығы.

Еске салайық, осы жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасында ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын Нұр-Сұлтанда өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Сауда саласындағы ірі шара: Нұр-Сұлтанда министрлер конференциясы өтеді

Министрлер конференциясы екі жылда бір рет өткізілетін ДСҰ-ның жоғарғы басқару органы болып табылады. Органның құзыретіне көпжақты сауда келісімдері шеңберіндегі барлық мәселе бойынша шешім қабылдау, соның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа тәртіптерді бекіту құқығы кіреді.