Оқиға

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі атыстың видеосы жарияланды

Екі адам мегаполистегі дәмханалардың біріне кіріп, қарудан оқ жаудырған. Оқыс оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы таралып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Шымкент дәмханаларының бірінде атыс болды, оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Шағын роликтен полицейлер мен жарақат алған адамдарды көруге болады.   

Соңғы мәлімет бойынша, оқиғадан бес адам зардап шекті, бір адам қайтыс болды.

Куәгерлер оқ жаудырғандар екеу болғанын айтты.

Күдіктілердің кім екені анықталды, полиция оларды ұстау шараларын қабылдады, деп жазды Otyrar.

Тағы оқыңыз: Шымкентте атыс болды – полиция оқиға орнын қоршап алды

Дәмхананың жанында екі көлік тұрған: Toyota Camry 70 және Lexus RX 350. Олардың бірінің салонынан тәртіп сақшылары ірі көлемде теңге мен доллар тапты.

Прокуратураның мәліметінше, оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және "Сайга" мылтығы, сондай-ақ 12 гильза алынды.