Мәдениет

 "Астана Опера" Санкт-Петербург сахнасында

"Астана Опера" театрының ұжымы Ресейге гастрольмен барып, "Санкт-Петербург Операсы" сахнасында ерекше қошеметке бөленді
Sputnik

Айта кету керек, қазақстандық ұжым гастроль үшін күтпеген қойылым таңдады: Джоаккино Россинидің "Жібек саты" опера-фарсы. Ол күрделі вокалды және аспаптық партияларымен, актерлердің өткір әзілімен және асқан шебер импровизациялық ойындарымен танымал.

Өз ісінің шебері Юрий Александров (Санкт-Петербург Операсы" театрының көркемдік жетекшісі) репертуарды жоғары бағалады: 

"Менің қымбатты қазақтарымның осындай күрделі жұмыс әкелгені олардың дамып келе жатқандығын көрсетеді, мен бұған қуанамын".

Біздің сахнадағы бірінші жұлдыздар Петербург сыншыларының алдында қазақ өнерінің намысын тамаша қорғады: негізгі партияларды солистер Жаннат Бақтай, Жан Тапин және Азамат Желтиргузов орындады. Дирижер Абзал Мұхитдинов болды.

Айтпақшы, 9 және 10 қарашада "Астана Опера" театрының көрермендері енді Санкт-Петербург Операсы" шеберлерінің жұмысына баға бере алады. Бағдарламада нағыз жауһарлар бар: Вердидің "Риголеттосы" және Бизенің "Інжу іздеушілері". Билет алуға асығыңыз.