Саясат

Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды

Мемлекет басшысының айтуынша, шетел азаматтарын көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу – бұл анархизм
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жиын барысында шетел азаматтарын көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеуді алып тастауды тапсырды.

"Қысқа мерзімде бұл анархизмнен құтылуымыз керек. Міндетті тіркеу шетелдік қонақтар үшін қолайсыздық тудырып қанай қоймай, сыбайлас жемқорлық көзіне айналған. Әрине бұл еліміздің, Алматының беделіне нұқсан келтіреді", - деді президент.

Бұған қоса, Тоқаев шетелдіктердің шекара бақылауынан өтуінің өзі көші-қон тіркеуі саналатынын айтты.

"Біз жиі айтып жүрген цифрландыру не үшін жүзеге асып жатыр?", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті үкіметке бұл мәселені жыл соңына дейін шешуді тапсырды.  

Тағы оқыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты

Айта кетсек, қазіргі уақытта елге келетін шетелдіктер (кейбір санаттардан басқа) бес күн ішінде тиісті органдарда тіркелуі міндетті.