Оқиға

Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді

Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың төрт мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Арнайы операция 23 қазан күні Қызылорда облысының аумағында өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 240 келі радиоактивті уран концентратын сатпақ болған қылмыстық топ мүшелерін құрықтады.

Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді

Арнайы операция 23 қазан күні Қызылорда облысында өтті, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың төрт мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға  Қылмыстық кодекстің 283- бабының 2-бөлігіне сәйкес ("радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу") тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәліметке сәйкес, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған болуы мүмкін.

Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді

Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті.