Қоғам

"Астана аруының" кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото

"Астана аруы-2018 "титулына ие болған ару тұрмысқа шықты. Үйлену тойы 27 қазан күні Алматы қаласында өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. "Астана аруы-2018" Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еркеназ Сейфулла "Қазақстан аруы" байқауына қатысқан кезде "Sputnik таңдауы" титулына ие болған еді.

"Астана аруының" кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото
Үйлену тойы 27 қазан күні Алматыда өтті.

"Жас жұбайларды құттықтаймыз. Махаббаттарың мәңгі болсын", - деп құттықтады "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының ұйымдастырушылары.

Бір ай бұрын Шымкент қаласында қыз ұзату тойы өткен. Бұл кезде Еркеназ ұлттық нақыштағы көйлек киді.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында махаббат туралы ойын айтқан еді.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Еркеназ Сейфулла 17 жасында "Астана аруы" байқауында жеңіске жетті. 2019 жылдың көктемінде "Қазақстан аруы" қатысушыларының бірі болды. Алайда денсаулығына байланысты сахнаға шыға алмай қалды.

Еркеназдың таңдауы

Еркеназдың күйеуі 26 жастағы Досым Оқасов – кәсіби футболшы. "Қайрат-М" және "Спартак" футбол клубтарында ойнаған.

"Астана аруының" кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды – фото