НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Имам-Шапи Мұхтаров Волгоград қаласында өткен турнирде ерекше соққы жасады.
Видео Twitter әлеуметтік желісінде жарияланды.
Мұхтаров октагонда украиналық Анатолий Сафроновпен кездескен болатын. Жекпе-жек көпке созылмады. Кездесудің 42-ші секундында спортшы құлап бара жатып, аяғымен қарсыласының жағынан теуіп үлгерді. Сафронов сұлап түсті.
Тағы оқыңыз: Нокаутқа түскен спортшы "жеңімпаз" болды – ерекше сәттің видеосы
РЕН ТВ телеарнасының хабарлауынша, бұл нокаут үшін спортшы қосымша 3 мың доллар алған. Мұхтаров кәсіпқой карьерасындағы бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жетті.