Супермодель Белла Хадид мінсіз атануға бәрінен де жақын болды. Оның көрсеткіші 94,35%. Сондықтан хирург оны әлемдегі ең сұлу әйел деп отыр.
Америкалық модельдің бет пішінін мінсіз деп айтуға болады, деп жазады The Sun.
"Белланың жеңімпаз екеніне күмән жоқ. Оның иегінің көрсеткіші — 99,7%. Мінсіз пішін деңгейіне дейін небәрі 0,3% жетпеді", - дейді пластикалық хирург.
Екінші орында әнші Бейонсе (92,44%), үшінші орында актриса Эмбер Херд (91,85%). Актрисаның мұрны мінсіз екен.
Топ-10 рейтингісіне Ариана Гранде, Тейлор Свифт, Кейт Мосс, Скарлетт Йоханссон, Натали Портман, Кэти Перри және Кара Делевинь де енді.
Тағы оқыңыз: Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото
Пластикалық хирургтың айтуынша, компьютерлік есептеу әдісі ғалымдарға әдемілік өлшемін есептеуге көмектеседі.