Қоғам

Дәрігер кімге банан жеуге болмайтынын айтты

Құрамында витамин көп банан өте пайдалы болғанымен, кейбір адамдарға оны жеуге болмайды. Әрі бұл жемісті кішкентай балаларға бермеген жөн
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Банан – құрамында витаминдер көп өте пайдалы жеміс, дегенмен кейбір адамдарға банан жеуге болмайды.

Ресейлік дәрігер Григорий Коневтің айтуынша, бананның құрамында қант көп, сондықтан бұл жемісті диабетпен ауыратындарға жеуге болмайды. Сондай-ақ тромбофлебитке шалдыққан және қаны қоюлануға бейім адамдарға бананнан бас тартқан жөн, деп жазады vm.ru.

Тағы оқыңыз: Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді

Бұдан бөлек, бұл жемісті екі-үш жасқа дейін балаларға бермеген дұрыс.

"Осы жастағы балалар банан жесе, іші кеуіп, өтуі мүмкін. Бұған қоса, бананның құрамында К витамині көп, ал оның ағзада көп болуынан эритроциттер бұзылып, бала сары ауруға шалдығуы ықтимал", - деп түсіндірді маман.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, бананды дұрыс тасымалдап, сақтамаған жағдайда ол адам денсаулығына зиянды болады. Бұдан бөлек, жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оны консерванттармен өңдейді.