Әлем

Ресейде әскери қызметші 8 қызметтесін атып тастады: трагедияның мән-жайы

Оқиғаға ер адамның жүйке жүйесінің жұқаруы себеп болуы мүмкін. Жағдайдың әскери қызметке қатысы жоқ деген болжам айтылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Ресейдің Забайкальский аймағында әскери қызметші сегіз әріптесін атып тастады. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Трагедия жұма күні жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында болған.

"Күзет алмасқан кезде техникалық жөндеу базасының қызметкері әріптестерін атты", - деп хабарлайды Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Әскери қызметші ұсталды. Зардап шеккендер әскери госпитальге жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиғаға ер адамның жүйке жүйесінің жұқаруы себеп болуы мүмкін. Алайда бұл әскери қызметпен байланысты емес ", - деді министрлік.

Тағы оқыңыз: Челах айтпай отыр: Арқанкергенде қаза тапқан сарбаздың анасы ұлының өлгеніне сенбейді

Оқиға орнына Ресейдің қорғаныс министрлігінің комиссиясы барды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Трагедияның мән-жайы анықталады.