Ресейлік депутат ТМД туралы қауесетке қатысты ойын айтты

Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин ТМД қызметі ұйымға мүше елдердегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан — Sputnik. ТМД үкімет басшылары кеңесінде талқыланатын мәселелердің көп болуы ұйымдағы интеграцияның өзектілігін білдіреді. Ресейдің мемлекеттік думасы комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулин осындай пікір айтты.

Ресейлік депутат ТМД туралы қауесетке қатысты ойын айтты

Ол 25 қазанда Мәскеуде 10 елдің үкімет басшылары бас қосатынын атап өтті. Кеңестің күн тәртібінде 13 мәселе талқыланады.

"Қоғамның цифрлық даму жоспары, ТМД елдерінің ақпараттық қауіпсіздік стратегиясы, әріптестікті нығайту мәселесі талқыланды. Ертеңгі кездесудің күн тәртібіне сүйене отыра, әлеуметтік желіде ТМД-ның "өлімі" туралы айтатындар асыра сілтеп отыр дегім келеді", – деді ресейлік депутат Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен Мәскеу– Бішкек – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео отырысы барысында.

Тағы оқыңыз: Ресейлік саясаткер Дариға Назарбаеваға ерекше ұсыныс жасады

Баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өзара байланысы талқыланды. Еуразиялық интеграцияны кеңейту мүмкіндіктері, Одақ аясындағы жаңа жобаларды іске асыру да сөз болды.