НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев республикадағы Қытайға қарсы наразылықтарға АҚШ-тың қатысы бар деп санайды.
"Қытаймен сауда соғысын жүргізіп жатқандықтан бұл америкалықтардың ісі деп ойлаймын. Америка ғана Бейжіңнің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы саясатына қарсы шығып жатыр", - деді Ертісбаев "Время" газетіне берген сұхбатында.
Тағы оқыңыз: "Сондай күлкілі". Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Ол Вашингтон Бейжіңнің Шыңжаңды дамытуға қомақты қаржы салғанын елемей отырғанын айтты.
"Америка Қытайдың тез көтерілуіне көптен бері алаңдап отыр. Қытайлар чипке жететін болса – бітті! Америка №1 держава болудан қалады", - деп болжады Ертісбаев.
Қытайдың басты мақсаты
Ертісбаевтың айтуынша, Қытайдың басты мақсаты – инфрақұрылым. Қытай әзірге Қазақстан нарығына үлкен қызығушылық танытып отырған жоқ.
Ертісбаев Қазақстанның Қытай алдындағы сыртқы қарызы туралы айта келе, ол "ажалды емес" және Ұлттық қордың қаражаты есебінен ертең-ақ өтеп тастауға болады деп сендірді.
Қазақстандағы Қытайға қарсы митингілер
2019 жылдың қыркүйек айының басында Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында Қазақстанның төрт қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзенде Қазақстанда 55 қытай зауытының салынуына қарсы митингілер өтті.