Өңірлер

Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды

Түркістан облысының әкімі Арыс қаласының кейбір тұрғындары жағдайды пайдаланып, үйлерін әдейі қиратқанын айтты. Осылайша, олар әкімдіктен жаңа үй салып беруді талап еткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының кейбір тұрғындары өз үйлерін әдейі қиратқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әртүрлі адамдар болды. Тіпті, жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды. Үйі басқаларымен салыстырғанда көп зардап шеккен сияқты көркеткісі келгендер болды. Бірақ үйді жөндеу туралы шешімді әкім де, министр де шығарған жоқ. Оны арнайы институт шығарды. Кейбір тұрғындар белсенді түрде дауласып, сотқа берді. Кейбірі үйлерін бұзбақшы болған", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі даулы мәселерді шешу үшін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Олар үйлерге барып, тексеріс жүргізген. Осылайша, комиссия өкілдері үйді бұзу немесе қайта жөндеу туралы шешім шығарған.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: желіні шулатқан фотоға ТЖК түсініктеме берді

Сөз соңында Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы жағдай тұрақты екенін, жөндеу жұмысы жоспарға сай жүріп жатқанын атап өтті.

Арыста болған жарылыс

Айта кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала.

Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Кейін ауруханада көз жұмды.