Саясат

Медведев Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске түсірді

Қазақстан парламенті сенатының спикері Дариға Назарбаева Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті
Sputnik

ГОРКИ, 23 қазан — Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының спикері Дариға Назарбаева Ресейге ресми сапары аясында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді.

Медведев Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске түсірді

Дмитрий Медведев Назарбаеваны өзі қарсы алды. Келіссөзді бастамас бұрын Ресей үкіметінің басшысы Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске алды.

"Біздің танысқанымызға біраз уақыт болды. Мен ол кезде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі болатынмын. Бұл шамамен 2003-2004 жылдар еді", - деді Медведев.

Ал Дариға Назарбаева болса, өзінің Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған кезін еске алды. 1980 жылдан бері бәрі қатты өзгергенін атап өтті.

"40 жылдай өтіп кетті", - деп таңғалды ол.

Тағы оқыңыз: "Халықты хабардар ету керек": Дариға Назарбаева қоғамды алаңдатқан мәселені көтерді

Бұдан соң отырысқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жоқ. Қазақстандық делегация құрамында сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, сенаттың комитет төрағалары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әли Бектаев пен парламент сенаты төрағасының кеңесшісі Бектас Мұхамеджанов болды.