Дариға Назарбаева сейсенбі күні Федералдық кеңес спикері Валентина Матвиенкомен кездесті. Сенат спикерін Мәскеуге Валентина Матвиенко шақырған болатын. Ол әріптесін қарсы алып, фотокөрмені көрсетті.
"Ал мынау сәлемдесу сіз үшін арнайы қазақша жасалды. Қате жоқ па?", - деді Валентина Матвиенко экранға көрсетіп.
Сондай-ақ, Федерация кеңесінің спикері Дариға Назарбаеваға Ресейдің барлық субъектісінің туларын көрсетті. Бұдан соң олар маңызды мәселелерді жабық түрде талқылады.
Тағы оқыңыз: "Еркектерден әйелдер көп...": Назарбаева тың ұсыныс жасады
Дариға Назарбаева сәрсенбі күні Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен, ал бейсенбі күні патриарх Кириллмен кездеседі деп жоспарланып отыр.