Өңірлер

Қазақстанда көктайғақ пен қардың салдарынан бірнеше жол жабық тұр  

Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты жүк және жолаушылар көлігі үшін бірнеше жол жабылды  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Көктайғақ пен жабысқақ қардың салдарынан жабылған жолдар әлі ашылған жоқ.     

"Қазақавтожол" кәсіпорнының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қардың салдарынан 19 қазаннан бастап жолдарда жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс шектелген:

  • "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" (15-105 километр, Белоусовка ауылы – Риддер қаласы)
  • "Өскемен – Алтай – Қатонқарағай – Рахманов қайнары" (6-66 километр, Ушановское ауылы – Серебрянск қаласы).

Жексенбі күні сағат 19:45-те көктайғақ салдарынан "Алматы – Өскемен" жолында (778-967 километр, Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы) жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда жолдар жабылды

Жексенбі күні сағат 20:40-тан бастап "Алматы – Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі учаскесінде (971-1068 километр) қозғалыс шектелді.   

"Облшығысжол" мәліметінше, жексенбі күні сағат 8.00-де облыстық маңызы бар "Өскемен – Тарғын – Самарское" жолы (62-145 километр, Тарғын ауылы – Самарское ауылы) тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін жабылды.