Спорт

Қазақ дзюдошылары Словениядағы турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Словенияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Olympic.kz

Аталған сынға 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.

Тағы оқыңыз: Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео 

Бейбітхан Сейфулла (50 келі), Жұбатқан Нұрсұлтан (55 келі), Тынарбай Тілеген (66 келі) чемпион атанса, Әкімбек Қимадинов (50 келі), Ринат Есенғалиевтің (55 келі) еншісінде күміс жүлде бар.

Қола медальді Санжар Әли (50 келі), Аслан Лес (60 келі), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 келі) және Алмат Әділет (50 келі) иеленген.