НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Ауғанстанның шығысындағы Нангархан провинциясында мешітке жұма намазы кезінде әскери зымыран түсті, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазіргі уақытта қаза болғандар саны 31 адамға жетті, тағы бірнеше ондаған адам жарақат алған.
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Зымыранның жарылуы салдарынан мешіттің шатыры құлағаны белгілі болды.
Трагедияны осы өңірде әрекет ететін ешқандай әскери топ өз мойнына алған жоқ.