Әлем

Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео

Жахонгир Отажонов тойда төбесінен ақша жаудырып,  қонақтарды таңғалдырған. Оған ұлттық дәстүрді бұзды деген айып тағылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Өзбектің танымал әншісі Жахонгир Отажонов лицензиясынан айырылды, деп хабарлады "Узбекконцерт".

Ол енді Өзбекстанда концерт бере алмайды.

"Жахонгир Отажонов мораль сөзін ұмытқан. Ол қасиетті Рамазан айында этика мен ұлттық дәстүрді бұзды", - делінген мекеме таратқан хабарламада.

Әншінің өзі жақында видеоүндеу жариялап, "маған бәрібір" деп мәлімдеген.

"Қаласаңыздар менің лицензиямнан айырыңыздар. Олай істеуге сіздердің құқықтарыңыз бар", - деді Жахонгир Отажонов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде әншінің тойда төбесінен ақша жаудырғаны жайлы видео тараған болатын. Оған қонақтар таңғалған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.