Қоғам

Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты

Мамандар күн салқындаған сайын адамдар майлы және тәтті тағамды көп жейтінін айтады. Өйткені бұл мезгілде адамды ұйқы басып, көңіл-күйі нашарлайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Дәрігер қыста артық салмақ жинамау үшін қалай тамақтану керек екенін айтты.

Мамандардың айтуынша, адамдар күн салқындаған сайын майлы және тәтті тағамды көп жейді. Өйткені бұл мезгілде адамды ұйқы басып, көңіл-күйі нашарлайды. Күн болмағасын ағзадағы D дәрумені де тапшы болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Диетологтар балық, сүт өнімдері мен көкөністі жиі жеу керек екенін айтып отыр. Көңіл-күйді көтеру үшін банан, жаңғақ пен құрғақ жеміс жеуге болатынын айтады. Алайда мөлшерін білу керек.

Тағы оқыңыз: "Әйелге ұқсап кетеді": Қазақстандық дәрігер нені мүлде ішуге болмайтынын айтты

Сондай-ақ, мамандар тәттіні дүкеннен сатып алмай үйде дайындауға кеңес беріп отыр. Мәселен, олардан дәруменге толы смузи жасауға болады.