Қоғам

Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Кәлетаевтың орнына келді

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев велосипед спорты федерациясының басшылығынан кетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Бизнесмен Нұрлан Смағұлов Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болып сайланды. Ол Дархан Кәлетаевтың орнына келді.

"Федерация мүшелерінің кеңейтілген отырысында Нұрлан Смағұлов бірауыздан президент болып сайланды. Жаңа басшының қызметі төрт жылға созылады", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Нұрлан  Смағұлов туралы не білеміз?

Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan журналының тұжырымы бойынша 2019 жылы ең бай 50 Қазақстан бизнесменінің ретингісінде оныншы орынға жайғасты. Ал ең беделді бизнесмендердің ішінде ол алтыншы орында тұр.

Нұрлан Смағұлов – "Астана Моторс", MEGA орталықтары және "Алматы" қонақ үйі кіретін Astana Group компаниясының жалғыз меншік иесі. Ол Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, "Атамекен" ұлттық палатасы төралқасының мүшесі.